Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдік Өзбекстаннан 77 млн теңге тұратын Құран кітапты сатып алмақ болған

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 16:25 Pixabay
Ежелгі киелі кітапты қырғыз азаматы 150 мың долларға сатып алмақ болған.

Өзбекстанның арнайы қызметі ежелден қалған қасиетті Құран кітабын шекара асырмақ болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz Өзбекстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Ферғана облысы бойынша басқармасы шұғыл операция өткізіп, қасиетті кітапты сатып алу-сату процесінің үстінен түсті.

Бұхараның 49 жастағы тұрғыны Фаррух Шарапов ерекше Құран кітапты Қоқаннан Ферғана облысына әкелген. Оған бір досы құнды кітапты сатып беруін өтініпті. Олар көрші Қырғыз елінен тұтынушы тауып, онымен шекаралас өңір - Ферғана облысындағы Чимён ауылында шайханада кездеседі. Келісімге сәйкес, 150 мың АҚШ долларын алған Фаррух Шарапов қасиетті кітапты Қырғыз еліне астыртын тығып жеткізуі керек болған.

Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің сараптамасына сәйкес, тәркіленген Құранның мәтінін XVI ғасырда каллиграф Мулла Юсуф Саххоф жазып, кітап қып қалдырған. Кейінірек, XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында бұл Құран кітап түптеліп, жаңартылған.

Мамандар Самарқанд каллиграфия мектебінің стилінде жазылған 500 жылдық тарихы бар біртектес қолжазба кітаптың қазіргі құнын 1 миллиард 880 миллион сумға, яғни 77 миллион 572 мың теңгеге бағалаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Тарихи, ғылыми, көркемдік, сондай-ақ мұражай құндылығын ескере отырып, бұл ерекше туынды республика аумағынан әкетуге тыйым салынған кітаптардың қатарына жатады. Тәркіленген тарихи жәдігерлер Өзбекстан тарихы мемлекеттік мұражайына тапсырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: