Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Әбішев тергеу изоляторында 63 жасқа толды

Адвокат Абзал Құспан И.Әбішевке қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады.

Сурет : vistanews.ru15 Қазан 2019, 08:20

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішевтің қорғаушысы Абзал Құспан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер сотының судьясы Қ.Мекемтастан сотталушы И.Әбішевке қатысты күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны "үй қамағына" ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін Ислам Әбішевке күзетпен ұстау шарасы қолданылып келеді.

- Мен қорғаушы ретінде И.Әбішевке қатысты қамау түріндегі бас шарасын үй қамағына ауыстыруға толық негіздер бар екенін көрсеткім келеді, атап айтқанда: ҚР ҚПК-ның 136-бабымен бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер көрсетілген. Оған сәйкес, "Күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау кезінде, егер қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасы болса, мұндай шараны қолдану мүмкіндігін қарау қажет" - екендігі анық көрсетілсе де, И.Әбішевке қатысты бұл заң нормалары осы кезге дейін қолданылмай келді, делінеді қорғаушының арызында.

ҚР ҚК 138-бабымен бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар қатарына;

1) жасалған қылмыстың ауырлығы;

2) күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы;

3) денсаулық жағдайы;

4) отбасы жағдайы, отбасында асырауындағы адамдардың бар-жоғы;

5) күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланысының орнықтылығы;

6) күдіктінің, айыпталушының беделі;

7) айналысатын ісі;

8) күдіктінің, айыпталушының тұрақты жұмыс орнының немесе оқуының бар-жоғы;

9) мүлiктiк жағдайы;

10) тұрақты тұрғылықты жерiнiң бар-жоғы және басқа да мән-жайлар ескерiлуге тиiс – делінсе, осы баптың 2 бөлігінде, "Осы Кодекстің 136-бабында санамаланған негіздер болмаған кезде, жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды" - тайға таңба басқандай нақты көрсетілген.

Осы заңмен бекітілген негіздердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен адвокат былай дейді:

– 1) жасалған қылмыстың ауырлығы – ҚР ҚПК-ның 138 бабы, 2 бөлігіне сай, жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды!

2) күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы: – И.Әбішев тергеу изоляторында 63 жасқа толып, толық зейнет жасына шыққан зейнеткер, өз ортасы емес, республикаға танымал тұлға.

3) денсаулық жағдайы –Әбішевтің денсаулық жағдайы қиын, "Д" есебінде қамауға алынғанға дейін тұрған, дәл қамауға алынар алдында Президент ісі жөніндегі Басқарма жанындағы (УДП) ауруханада ота жасату туралы мәселе шешілген болатын, ол туралы қылмыстық істе тиісті өтініштерімізде, тіркелген дәлелдерімізде бар, тергеу изоляторында бірнеше рет есінен танып құлап қалған, тергеу изоляторы жағдайында тиісті медициналық көмектер ұйымдастырылуы мүмкін емес, өйткені ол жерде дәл жүрек ауруы бойынша маман-дәрігерлер жоқ, біз қорғаушы ретінде бір емес, бірнеше арыз жазу нәтижесінде бір рет қана маусым айында тексеруден өтуді ұйымдастыра алдық, одан соң Әбішев десаулығы бойынша ем шараларын ала алмай отыр;

4) отбасы жағдайы, отбасында асырауындағы адамдардың бар-жоғы – И.Әбішев отбасылы жеті баланың әкесі, оның ішінде 2013 және 2015 жылдары туған балалары кәмелетке толмаған;

5) күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланысының орнықтылығы –И.Әбішев ҚР азаматы, бүкіл өмірін Қазақстанда тұрып, Қазақстанға қызметке арнаған адам, ол үшін оның атқарған қызметтерін, іс материалдарында көрсетілген жеке басы биографиясымен таныссада жеткілікті, яғни аталған жағдайлар Абишевтың әлеуметтік тығыз байланысы бар екендігін дәлелдейді;

6) күдіктінің, айыпталушының беделі.

7) айналысатын ісі – Әбішев бүкіл ғұмырын мемлекеттік қызметке арнап, оны өте абыроймен атқарып келген адам.

8) күдіктінің, айыпталушының тұрақты жұмыс орнының немесе оқуының бар-жоғы – қамауға алынғанға дейін Әбішев тұрақты түрде ҚР су ресурстары Комитетінің бастығы қызметін атқарып келді, осы қызметте жүріп бір емес бірнеше мемлекеттік марапаттарға ие болды;

9) мүлiктiк жағдайы – Қазақстан Республикасының аймағында өзінің және отбасы мүшелерінің атында жылжымайтын мүліктері тіркелген;

10) тұрақты тұрғылықты жерiнiң бар-жоғы және басқа да мән-жайлар – тұрақты тұрғылықты жері бар және ол тергеумен анықталған, басқа жағдайлар ретінде оның бұрын-соңды қылмыстық істерге қатысы болмағаны, қазіргі тағылып отырған айыптарының дәлелденбегені және күмәнділігін келтіруге болады.

Абзал Құспанның дәйгінше, заңмен бекітілген бұлтартпау шарасын қолдану кезінде ескерілуі тиіс 10 негіздің 9-да Әбішевтің пайдасына шешіліп тұр, ал күдіктеліп отырған қылмыстың ауырлығы ескерілмеуі керек туралы 138 баптың 2 бөлігіне сүйенер болсақ, Абишевты қамауда ұстаудың ешқандай заңдық негізі жоқ екендігін көруімізге болады.

Құрметті сот!

- Дәл Әбішев сияқты ел алдында, қоғам, мемлекет алында зор беделге ие болған тұлғаны, пенсия жасындағы адамды қамауда ұстап отырудың қандай қажеттілігі бар? Ол керісінше біздің мемлекеттілігімізге, сот билігіне сын деп білемін.

Осы кезге дейін тергеу соттары қамау мерзімін ұзартып келгенде, ең негізгі себеп ретінде "Әбішев ел алдындағы беделін пайдаланып, тергеу барысына кедергі келтіреді" деген уәж айтып келді. Ал енді, тергеу бітті, сот басталғалы жатыр, жоғарыда өзім атап өткен заң талаптары Сізге бас шарасын өзгертуге толық құқық беріп отыр. Енді осы құқықтарыңызды пайдаланып, сотталушының жағдайын одан қиындата бермей, ең болмаса сот кезінде Әбішевтің бас шарасын өзгертуіңізге толық негіз бар деп есептеймін.

Осы аталғандардың негізінде, ҚР ҚПК-ның 319-321 баптарын басшылыққа ала отырып, сотталушы И.Әбішевке қатысты күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгертіп, "үй қамағына" ауыстыруды сұраймын, - дейді адвокат.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер