Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Барымташылармен бірге Қорғаныс министрлігінің экс-шендісі ұсталды

Олардың 150 шақырым жерді еш кедергісіз өтуіне министрлік қызметкері беделін салса керек. Ол джип көлігімен алда жүріп отырған.

Сурет : Pixabay16 Қазан 2019, 09:34

Ақмолалық полицейлер Нұрсұлтан қаласы маңынан өлексесі табылған 46 бас жылқыны ұрлағандарды қолға түсірді. Жылқы ұрлығына Қорғаныс министрлігі қызметкерінің қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жанат Жылқыбаев, Ақмола облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Күдіктілер ұрланған жылқыны Аршалыдан Елорданың Көктал шағын ауданына апаруға МАН жүк көлігіне артқан. Жан-жағы бітеу көлікте мұншама мал шыдамаса керек, тұншығып өлген. Сасқанынан өлекселерді лақтырып кеткен.

Күдіктінің бірі 26 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны, екіншісі 41 жастағы министрлік қызметкері екен. Ол Қорғаныс министрлігінде дардай бөлім бастығы болған. Жылқы ұрлады деген күдікке іліккен қызметкер осыдан бір апта бұрын ғана министрліктен қуылыпты.

Елорда маңынан 28 бас жылқының өлексесі табылған еді. Малынан айрылған ерейментаулық кәсіпкердің арызы бойынша полиция тексерісі кезінде тағы 18 өлексе Қоянды ауылының маңынан табылды. Қазір екі күдіктіні Ерейментау аудандық соты екі айға абақтыға жапты. Олардың 150 шақырым жерді еш кедергісіз өтуіне министрлік қызметкері беделін салса керек. Ол джип көлігімен алда жүріп отырған.

Оларға құны 17 миллион теңге тұратын 58 жылқы ұрлады деп айып тағылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер