Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ресей МиГ-29 негізінде дыбыс жылдамдықты бизнес-джет шығармақ

Жоба авторлары дыбыс жылдамдығынан аса алатын ұшақты азаматтық авиацияда тағы да қолданып көрмек.

Сурет : ЦАГИ16 Қазан 2019, 10:40

Бизнес-джеттің прототип-макеті Макс-2019 көрмесінде көрсетілді. Бұл – 8-18 жолаушы ғана сыйдыратын бизнес-ұшақ болады. Жоба авторлары дыбыс жылдамдығынан аса алатын ұшақты азаматтық авиацияда тағы да қолданып көрмек, деп жазады life.ru.

Жобаның авторы – ЦАГИ (Профессор Н.Е.Жуковский атындағы Орталық аэрогидродинамика институты).

Бұл ұшақ сағатына 1,9 мың жылдамдықпен ұшатын болды. Қазіргі қолданыстағы жолаушылар ұшағы жылдамдығынан (шамамен сағатына 900 шақырым) екі есеге көп. Ал әуедегі дыбыс жылдамдығы шамамен сағатына 1080 шақырымды құрайды.

Жаңа лайнер Мәскеуден Нью-Йоркке төрт сағатта жеткізеді делініп отыр. Қазір бұл қашықтыққа ұшақтар 9-9,5 сағат жұмсайды.

Ұшақтың негізі ретінде штаттық қозғалтқыштарымен бірге МиГ-29 алынуы әбден мүмкін. Жобалаушылар ұшақтың дыбыс соққысының деңгейі 65-70 децибелден аспауы тиіс деп отыр. ЦАГИ мамандары бұл ұшақ кәдімгі ұшақтар ұшатын биіктіктен 10 шақырым биіктеу ұшқаны жөн дейді: 16-23 шақырым биіктік арасында таңдау жасалмақ. Жобадағы бизнес-джеттің ұшатын жылдамдығы да әлі нақты шешілген жоқ. Бірақ баяғы Ту-144 пен "Конкордтардың" жылдамдығынан төмендеу болады дейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер