Алматы қаласының сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы сотталды

Zakon.kz Zakon.kz
Ол заңсыз салынған ғимаратты бұзу бойынша сотқа іс-қағаз өткізбес үшін жеке кәсіпкерден 2 млн 600 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан кезде ұсталып, жауапқа тартылған

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы қаласының сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы Д.Сейсембековке қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ол заңсыз салынған ғимаратты бұзу бойынша сотқа іс-қағаз өткізбес үшін, сондай-ақ заңсыз ғимаратта ешқандай кедергісіз кәсібімен айналысуы үшін жеке кәсіпкерден 2 млн 600 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан кезде ұсталып, жауапқа тартылған", - делінеді агенттік хабарламасында.

15 қазанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Сейсембеков ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл бойына басшы лауазымдарды атқарудан, өз саласындағы қызметпен айналысу құқығынан аластатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз