Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Діндар келіншек: Туған қайынатам "жасырын әйелім" бол деді

Бағдарлама барысында Ақерке қысылғаннан ешкімге айтылмаған қылмысты жария етті.

Сурет : Инстаграм16 Қазан 2019, 17:40

Алматы облысында Қарасай ауданында тұратын Ақерке Қауымбек ата-енесімен тұрғанда туған қайынатасы тиісіп, "жасырын әйелім бол, ұл туып бер" деп қолқалағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Ақерке Қауымбек қасындағы екі қызынан айырылып қаламын ба деп қорқады. Өйткені оның балаларын ата-енесі алдап-сулап өз аттарына жаздырып алған. Өзі де заңды некеде тұрмаған. Алдында ата-енесі балаларын алып кетіп, екі жылдай көрсетпей қойған", - дейді телеарна тілшісі.

- 4 жыл ата-енеммен тұрдым, малға да, үйге де қарадым. Бала да тудым. Одан соң ата-енем балаларымды өз аттарына жазуды сұрап алдында өтініш қылса, артынан қоқан-лоқы жасап, күйеуіміз екеуміздің арамызға түсе берді. Сол кезде шыдамай бір қағаздарға қол қойып жіберген едім. Сол қағаз қолдарына тиген соң олар мені күйеуіммен қалаға көшіріп, бөлек шығарды. Сол кезде балалардан көз жазып қалдым. Ал күйеуіме бала да, әйел де керек емес. Ол қазір басқа әйел алып алған. Алдында қайынағам солай үш рет ажырасқан екен. Содан алған сабақтары шығар. Мен білмеймін ғой, олар ақыры мені осындай күйге түсірді. Бала туғанда еміздірмей қойды. Жасанды сүт береміз деді. "Сен ханшайым құсап баланы 2 сағат емізіп отырғанда малды кім қарайды" деді. Сөйтіп бір аптадан соң кеудемді тартқызып тастады, - дейді екі көзіне ерік берген ол.

Бағдарлама барысында Ақеркенің қайынатасы сұқбат беріп, өздерінің ауылда үлгі отбасы екенін, балаларды келінінің келісімімен жаздырып алғандарын, енді баласымен ажырасқан соң немерелерін қайтаруға еш құлқы жоғын айтты. Осы араға келгенде Ақерке қысылғаннан ешкімге айтылмаған қылмысты жария етті.

- Енем ауырады. Таразға жиі емделуге барады. Обыр дерті ол кісіде. Балаға қарауға оның шамасы жоқ. Ал қайын атам қайдағы үлгілі адам? Ол маған жасырын әйел бол, ұл туып бер, баланы Бекзаттыкі дей саламыз» деп, тиіскен, - дейді.

Телебағдарламаға сол отбасының үлкен ұлымен алты жыл тұрған үшінші әйелі келді. Ол да ажырасқан екен.

- Қайынатам оны қылқындырып жатқанда үстінен түскенмін. Тыпыр еткен аяғымның дыбысын естіп, "Бұл кім" деп айғайлады. "Мен" деп едім, "Шық" деді, содан кетіп қалдым, - дейді ол қайынатасының келінге қол көтергенін растап.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер