Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстандық мекемелерде дене шынықтыру минуттарын енгізу ұсынылды

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл мәселе бойынша білім беру мекемелерінде міндеттер енгізілгенін және мектеп оқушыларының денсаулығына бағытталған жобалық кеңсе іске қосылғанын атап өтті.

Сурет : severstolici.ru17 Қазан 2019, 13:37

Қазақстанда мекемелер мен кәсіпорындарда дене шынықтыру минуттарын өткізу ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Бұл тек ұсыныс ретінде. Біз кәсіпорындарда, зауыттар мен мекемелерде гимнастика, дене шынықтыру минуттары мен дене қозғалту үзілістерін енгізуді ұсынамыз. Жұмыс күнінің режиміне спорттық сауықтыру үзілістерін енгізуге қаражат бөлу және т.б. шараларды қарастырдық. Онсыз бұқаралық спорт пен дене шынықтыру дамымайды. Кеңес заманында осындай тәжірибе болған, - деді Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасын талқылау кезінде.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл ұсыныстың жақсы ұсыныс екенін атап өтті.

- Біз мектептерде сондай міндеттер енгізіп жатырмыз, өйткені бұрын бұған тек емханалар жауап беретін. Мемлекеттік бағдарлама аясында біз мектеп оқушыларының денсаулығын күшейту бойынша жобалық кеңсе аштық. Оның ішінде әскерге шақырылушылардың денсаулығы мен репродуктивті денсаулықты дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Мұндай жоба іске қосылды, біз істі бақылауға аламыз, - деп жауап берді Біртанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер