Бұл өте күмәнді жоба – Тоқаев LRT туралы
vlast.kz
Мемлекет басшысы бұл жобаның өте күмәнді екенін және экономикалық жағынан түсініксіз болып отырғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент LRT ісі бойынша тергеуді күшейтуді тапсырды. Тергеу барысында бұрынғы басшының қашып кеткенін ескеріп қана қоймай, құжаттарға бұрын қол қойған әкімдік қызметкерлерін де тексеру керек деді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Үкімет пен әкімдік түбі қоймады, осы бір күмәнді, даулы жобаны жалғастыратын болып шешім қабылдады. Жобаны енді аяқтаудан басқа амал жоқ деп маған баяндап жатыр, тым алысқа кетіп қалған екен. Мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне осы істі тергеуді күшейтуді тапсырамын, шетелге қашқан бір үлкен басшыны ғана қуаламай, басқаларды да тексеру керек. Оның ішінде, кезінде шешім қабылдаған әкімдік басшыларын тексеруді тапсырамын. Олардың қолы қойылған шығар. Бұл жерде мәселе жалғыз LRT жобасының орындаушысында емес, бұл шешімді әкімдік қабылдаған. Тереңірек үңілу керек, - деді Тоқаев астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте.
Мемлекет басшысы бұл жобаның өте күмәнді екенін және экономикалық жағынан түсініксіз болып отырғанын атап өтті. Алайда халықаралық міндеттемелер алынып қойғаннан кейін, жобаны аяқтау керек.
- Мәселенің басын ашайық. Бар қашықтығы 22,5 шақырым, ал оның бойында 18 станция жоспарланған. Сонда бұл LRT-ны не үшін салып жатырмыз? Арасы 1 шақырымнан асар-аспас 18 станция болса. Біз ондай қашықтықты жаяу қыдырып-ақ жүре аламыз ғой. Мұндай жобаның қалайша қабылданып кеткенін мен түсінбеймін, - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президент Үкімет пен әкімдікке LRT-ның алғашқы кезегінің құрылысын жалғастыру мен аяқтаудың нақты мерзімдерін белгілеп, екінші кезегін жүзеге асыру кестесі мен тетіктерін әзірлеуді тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript