Жаңалықтар тізбегі
0

Көлгінов күмәнді жоба – Астана LRT құрылысын аяқтағысы келеді

ernur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2021 17:31 ernur.kz
Тоқаев жобаны күмәнді және экономикалық жағынан түсініксіз деп бағалаған.

Астана LRT жобасын аяқтау үшін қаражат көзін іздеу жұмыстары қайта жаңғыртылды, деді халық алдында есеп берген астана әкімі Алтай Көлгінов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- LRT мәселесіне бәрі алаңдайды. Пандемия кезінде оны жалғастыру мәселесі тоқтатыла тұрды, өйткені Қазақстандық және халықаралық банктерден қарыз сұрау керек болды. Қазір бұл жұмыстар жалғастырыла бастады, банктер қаражат тартуы тиіс. Ия, құрылыс тоқтаған кезден бері қалған нысандар қаланың көркін бұзып тұр. Оған қаруар ақша жұмсалғаны да рас. Сол себепті жұмыс жалғастырылады, банктермен инвестиция тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде, деді Көлгінов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтқандай, қазір Қытай мен Араб Әмірліктерінің инвесторларымен келіссөздер жүріп жатыр.

Атышулы LRT жобасының құрылысы 2011 жылы басталған. 2020 жылы аяқталуы тиіс еді, бірақ қаржыландыру жағы жетіспей қалды.

2019 жылдың күзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT ісі бойынша тергеуді күшейтіп, астана әкімдігінің бұрынғы басшыларын тексеруді тапсырған. Мемлекет басшысы LRT жобасын күмәнді және экономикалық жағынан түсініксіз деп бағалаған.

2020 жылдың 20 қазанында Astana LRT құрылысы кезінде ақша жымқыру ісі бойынша сот басталды. Айыпталушылар тізімінде жеті адам бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: