Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бензин бағасы Ресей бағаларымен теңестірілуі мүмкін

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 22:02 kolesa.kz
ҚР Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, отынның арзан болуы мұнайды ішкі нарыққа жіберуді тиімсіз етеді.

"Қазақстанда бензин бағасы ресейлік бағамен теңестірілуі мүмкін. Оған екі себеп бар: ішкі нарыққа арналған мұнай бағасының бәсекеге қабілетсіз, және екіншіден, әсіресе Ресеймен шекаралас аймақтарда дамыған көлеңкелі экспорт", - деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, көрші елдің жүргізушілері арзан бензинді көбірек алып кету үшін жанармай құю бекеттеріне қосымша ыдыспен келеді. Ал жүк тасымалдайтын транзиттік машиналар тіпті 3-4 тонналық қосымша бактармен жабдықталады, деп жазады kolesa.kz.

"Хабар 24" хабарлағандай, жағдайға қалай да әсер ету үшін қазақстандық жауапты мекеме жуық арада бензинді шекара арқылы автокөлікпен алып өтуге шектеу қоятын жаңа бұйрық әзірлейді. Бұл құжат бұрын egov.kz сайтында талқылауға шығарылған болатын. Бұйрыққа сәйкес, отынды тек зауыттық бензин бактарымен тасымалдауға ғана рұқсат беріледі және қосымша тек 20 литрлік канистра алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық бензинге салынатын акциз көлемін екі жарым есеге арттыру жөнінде құжат әзірленіп жатыр.

Шенділердің пікірінше, ол күшіне енгенде елдегі тауарлардың бағасы небәрі 0.35 %-ға көтеріледі-мыс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: