Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында ізгі қасиетке үндейтін "Адалдық сағаты" өтті

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 22:05 баспасөз қызметі
Облысқа қарасты 517 мекемені қамтыған "Адалдық сағатына" жалпы саны 17 мыңнан астам адам қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер - билік пен бұқараның арасын жалғап, ел дамуының ілгерілеуіне ықпал ететін мемлекеттің негізгі күші. Олардың кәсіби білімі мен біліктілігі, пайымы мен парасаты, адалдығы мен жауапкершілігі халықтың мемлекетке деген көзқарасы мен сенімін қалыптастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасы Н.Назарбаев: "Мемлекеттік қызметші - жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт, яғни мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болы тиіс", - деп оларға тән болмыстың биік үлгісін осылайша саралап көрсеткен еді.

Осыған орай, қазан айының 14-16 күндері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облысқа қарасты барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлерінің арасында бірыңғай "Адалдық сағаты" өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтары негізінде рухани кемелдендіру, мемлекет мүддесі жолындағы мәртебелі қызметке адал болуға үндеу және ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Игі бастамаға құрылған "Адалдық сағатына" Түркістан облысына қарасты барлық аумақтық Департаменттердің жеке құрамы, аудан/қала әкімдері мен аппарат басшылары, аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының төрағалары мен ауылдық округтіктердің әкімдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Шара барысында адалдық аясында дәріс оқыған Әдеп жөніндегі уәкілдер мен аудан/қала әкімдері ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекеттік қызметтің басты миссиясы – халыққа адал қызмет көрсету және ел мүддесі жолында қалтқысыз қызмет ету екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, ел экономикасын тұралатып, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көлеңкелі қылмыс түрі – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін тілге тиек етіп, ұжымды пара алу/пара беру деректерінен алшақ болуға және Қазақстан халқына берген антына берік болуға шақырды.

Жиын соңында қатысушылар назарына арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, адалдық – адамдықтың ең биік шыңы екендігі жіті түсіндірілді.

Айта кетсек, облысқа қарасты 517 мекемені қамтыған "Адалдық сағатына" жалпы саны 17 мыңнан астам адам қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 22:05

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: