Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан:"халықаралық қарттар күні" аталып өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 01:24 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, Түркістан облысында 170 мыңға жуық зейнеткер болса, оның 59-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, одан басқа 9,5 мыңнан астам тың еңбеккерлер бар.

Түркістан қаласында "Халықаралық қарттар күніне" арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, қазыналы қарияларды мерекемен құттықтады. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында жас ұрпаққа өзінің өнегелі еңбек жолымен үлгі болып жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және облысқа еңбегі сіңген бірқатар еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері облыс әкімі мен облыс мәслихатының, облыстық ардагерлер кеңесінің алғысхаттарымен марапатталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 01:24

Сонымен қоса, облыс әкімінің атынан 10 ардагерге "Сарыағаш" шипажайына жолдама тапсырылды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 01:24

Айта кетейік, Түркістан облысында 170 мыңға жуық зейнеткер болса, оның 59-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, одан басқа 9,5 мыңнан астам тың еңбеккерлер бар. Бүгінгі таңда ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 446-ға жуық 80 жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына үстемеақы төленеді. Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде, облыстық және жергілікті бюджеттер қаржы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді. Айтап айтқанда, 13 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен соларға теңестірілген қариялар облыстық басылымдарға тегін жаздырылып келеді. "Қамқорлық" акциясы шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер қолданылуда. Биылдың өзінде аталған акция шеңберінде 15,6 мыңға жуық азаматтардың жекелеген санаттары мен ардагерлерге көмек көрсетілді. Ардагерлерді сауықтыру мақсатында жыл сайын облыстық бюджет есебінен "Ардагерлер үйі" мен "Мейір" ардагерлер үйінде 8 мыңға жуық ардагер ем алып, демалады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 01:24

Бұдан басқа облыс әкімінің ұсынуымен барлық облыстың аудандары мен қалаларында 92 қайырымдылық дүкендері ашылды. 19 мыңнан астам жекелеген санаттардағы азаматтар, оның ішінде зейнеткерлер дүкен қызметтерімен қамтылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 01:24

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: