Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Лукашенко ресми сапармен Қазақстанға келеді

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары қазанның 24-25 күндеріне белгіленген.

Сурет : liter.kz21 Қазан 2019, 12:40

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапарымен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биылғы 24-25 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді. Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады" деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарланған.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер