Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Талғат Ермегиявтің ісі қайта тексеріліп жатыр - адвокат

Ол 2016 жылдың жазында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы ірі көлемде пара алды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Сурет : azh.kz21 Қазан 2019, 14:40

Талғат Ермегияевтің қорғаушысы бір айдан бері қылмыстық істі құқық қорғау органдары тексеріп жатқанын айтады. Алайда Алла Котлова не себепті тексеру қайта жанданғанын және кім бастамашы болғанын айтпады, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Өйткені өзі де бұл жайттан бейхабар екен. Мұндай шара жүргізілетіні туралы да ешкім ескертпепті.

- Бірақ, тексеріс жасап жатқандардың сұрағы болса, қажетті ақпаратты беруге дайынбыз, - деді адвокат.

Оның айтуынша, тексеру заңдылықтардың бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Алла Котлова тексеріс нәтижесінің қорытындысы қашан шығатынын айта алмады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың жазында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы ірі көлемде пара алды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Оқи отырыңыз: Ермегияев та түрмеден шығуы мүмкін – дереккөз


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер