"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтың өтініші қанағаттандырылмады

Талғат Ермегияев, сот, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының экс-басшысы, Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2025 17:41 Сурет: Instagram/Талгат Ермегияев
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа өтініш жолдаған. Өтінішті Алматы қаласының Алатау аудандық соты қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 14 шілдеде Алматы облыстық соттың баспасөз қызметі бұл ретте мынандай ақпарат таратты:

"Т. Ермегияевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтініш-талабын қанағаттандырудан бас тартылды".

Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында 780 млн теңге пара алды және аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлады деп танылып, 14 жылға сотталды. Сот оған "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне 6 млрд теңге төлеуге міндеттеді. Экс-шенеунік бүгінде өзіне тағайындалған жазасының 9 жылын өтеген.

2017 жылы түрмеде оған ерекше жағдайлар жасалғаны белгілі болды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: