Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Жапония императорын таққа отырғызу шарасына ұшып кетті

instagram.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 14:36 instagram.com
Ресми шара 22 қазанда Император сарайында өтеді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі Instagram-да Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Елбасының Жапония Үкіметінің шақыруымен осы елдің императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келгендігі хабарланған болатын.

"Таққа отыруына арналған ресми шара 22 қазанда Император сарайында болады. Сапар барысында Елбасы бірнеше екіжақты кездесу өткізеді", - деп жазды Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өзінің парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға ұшып келді ⠀ «Император Акихитоның өз еркімен өкілеттігін тоқтатуы осыдан екі ғасыр уақыттан кейінгі айрықша оқиға болып отыр. Сол себепті, 2017 жылы ол өз өкілеттігін тоқтатуы үшін арнайы заң әзірленіп, қабылданған еді. Жалпы осы уақытқа дейінгі қабылданған Император үйі туралы заңда императордың өз еркімен өкілеттігін доғаратындығы жазылмаған. Сондықтан бұл шара - Императордың таққа отыру салтанатты рәсімі жапон халқы үшін қасиетті саналады», - деді Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожабаев ⠀ Елбасы Нурсултан Назарбаев прибыл в Японию на церемонию интронизации императора Нарухито.

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі???????? (@elbasy_nazarbayev)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: