Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде ішіп алып, сотталушыларды сабаған түрме бастығы сотталды

spring96.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2019 15:45 spring96.org
Прокурорлар оның сотталуына қол жеткізді.

Семейде қаладағы түрменің бастығы еңбек демалысында болғанда удай мас болып жұмыс орнына барып, тергеу үшін қамауда отырған 12 адамды сабап тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бастапқыда мекеме басшысының бұл оспадарсыз әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеумен Шығыс Қазақстан полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің тергеушісі айналысқан. Алайда, кейіннен қылмыс құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді.

Шығыс Қазақстан прокуратурасы бұл істі тоқтату туралы заңсыз шешімнің көзін жойып, оны арнайы прокурорларға тапсырды.

Іс басқа жаққа өтіп кеткеннен кейін түрменің бұрынғы басшысы тергеуден қаша бастады. Осыған байланысты тергеу судьясы арнайы прокурордың өтініші бойынша оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция жариялады. Ол бір жылдан астам уақыт бойы іздестіріліп, ақыры Алматыда қамауға алынды.

Сотта ұсталған адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Осы жағдайды, сондай-ақ оның кішкентай балаларының болуын және оның отбасында жалғыз асыраушы екендігін ескере отырып, № 2 Семей қалалық соты оған ең аз жаза түрін, яғни үш жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Сонымен қатар ол құқық қорғау органдарында бес жыл қызмет атқару құқығынан және полиция майоры атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Арнайы прокурордың ұсынысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, басшына қызметіне толықтай сай келмеді деген сөгіс жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: