Тоқаев Қырғыз еліне ресми сапармен барады

Ақорда Ақорда
Бішкекте екіжақты кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз еліне алдағы мемлекеттік сапарына дайындығы талқыланады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен баруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 29-30 қазанда Бішкекте Қазақстан мен Қырғыз елінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде СІМаралық консультациялар өтеді. Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ орынбасары Марат Сыздықов, қырғыз тарапын - министрдің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев басқарады, - деді Смадияров.

Ол екіжақты кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз еліне алдағы мемлекеттік сапарына дайындық және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің V отырысын өткізу, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымда талқылау жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз