Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде қар құрсауында қалған көлікте бір адам қайтыс болды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2019 17:58 Хабар 24
Қайғылы оқиға "Самара-Шымкент" автожолының 965 шақырымында, Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ елді мекенінің жанында орын алды.

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған автокөліктердің бірінде Тәжікстан мемлекетінің азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz "QazAvtoJol" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала ақпарат бойынша ер азамат 1956 жылы дүниеге келген. Белгілі болғандай ол Ресей Федерациясының Тюмень қаласынан Тәжікістанның Ходжан қаласына жұмыстан қайтып бара жатқан. Қайғылы оқиға "Самара-Шымкент" автожолының 965 шақырымында, Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ елді мекенінің жанында орын алды. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның нақты себептері анықталуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Ақтөбе облысында ауа-райының күрт өзгеруі мен қалың қар жауғандықтан аталмыш автожолдың 964-1240 км учаскесінде автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеулер қойылған болатын. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін "Қазақавтожол" ЖШС Ақтөбе облыстық филиалы жолдағы қарды тазалау бойынша және көк тайғаққа қарсы қарқынды жұмыстар жүргізді. Учаскедегі жұмыстарға 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар "Қазақавтожол" ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Қалыбай ауылындағы жол-пайдалану пукнтіне жеткізілген. Қазіргі таңда жол қозғалысы ашық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: