Алматы - Текелі жолында жол апатынан жеті адам көз жұмды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2019 14:16 pixabay.com
Апат қыркүейктің 16-на қараған түні Ескелді ауданында "Алматы-Текелі" автожолының 26-шақырымында орын алған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары екі "Ауди-100" автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде 7 адам қайтыс болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Екі көліктің соқтығысуы қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Ескелді ауданында "Алматы-Текелі" автожолының 26-шақырымында орын алған. Оқиға орнында 6 адам қаза болып, үш адам әртүрлі дене жарақатымен Текелі қаласының ауруханасына жатқызылды.

"Дәрігерлер тарапынан қолданылған жан-жақты шараларға қарамастан жарақат алған үш адамның бірі ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: