Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Тәжік-өзбек шекарасына қарулы шабуыл жасағандардың кім екені белгілі болды

Олар теракті жасау мақсатында шекара шабуылдаған.

Сурет : Федеральдық жаңалықтар агенттігі6 Қараша 2019, 14:53

Тәжік-өзбек шекарасына шабуыл жасағандар Ауғанстаннан келген Ислам мемлекеті содырлары болып шықты, деп хабарлады РИА Новости Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) шекара күзеті басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар теракті жасау мақсатымен қарашаның 3-інде Кубодиен ауылы маңындағы Шаартұз шекара бекеті жағынан елге әлдеқашан кіріп алғаны белгілі болды.

Оқиға 6 қарашаға қараған түні болды: бетперде киген 20 қарулы адам Душанбеден батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан Сұлтанабад отрядының 4-ші бөлімшесіне шабуыл жасады. Атыс кезінде бір шекарашы сарбаз мен полиция қызметкері қаза тапты. 15 содырдың көзі жойылды, бесеуі ұсталды.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Өзбекстанның Шекара қызметі бұл оқиғадан хабардар екенін, жағдайды зерттеп жатқандарын мәлімдеді.

Тәжікстан мен Өзбекстанның шектесіп жатқан мемлекеттік шекарасының ұзындығы 1,33 мың шақырымнан асады. КСРО ыдырағаннан кейін оның шамамен 20% -ы қайта қалпына келтірілмеген, шекара белгілері қойылмаған, яғни шекараның кейбір бөлігі әлі қайта белгіленбеген. 2018 жылдың наурызында екі елдің президенттері шекараның жекелеген учаскелері туралы келісімге қол қойды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер