Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда мас болып бес көлікті соққан дөкейдің кім екені белгілі болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 15:59 видеодан алынды
Жүргізушіні ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің жолын кес-кестеп, көлденең шыққан екі ер адам да қамауға алынды. Белгілі болғандай, бұл екеуі кәсіпкердің ұлдары екен.

Қарағандыдағы Степная-4 ықшам ауданында өз үйінің ауласында Lexus-пен бес көлікті соққан мас жүргізуші ірі кәсіпкер Серікбол Сәрсенов болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Инстаграмдағы patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап.

49 жастағы Серікбол Сәрсенов - астық саласында жұмыс істейтін ірі компанияның директоры. Ол - Қарағандыда санаулы Lexus 570 көліктерінің бірінің иесі. 20 қазан күні кешке Сарсенов мас күйінде көлікке отырып, көп қабатты ғимараттың ауласында тұрған бес машинаға соқтығысқан. Жүргізуші ұсталды.

Жүргізушіні ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің жолын кес-кестеп, көлденең шыққан екі ер адам да қамауға алынды. Белгілі болғандай, бұл екеуі кәсіпкердің ұлдары екен. Олар оқиға орнына келіп, әкесін әкетіп бара жатқан полиция қызметкерлерінен жөн сұрамақ болғандарын айтады.

- Мен полициямен ұрысысқан да, оларға қол көтерген де жоқпын. Ағам екеуміз әкемізді полиция көлігіне өзіміз алып барайық дедік. Сондықтан олардан әкемізді өзімізге беруді сұрадық, - деді сотта кәсіпкердің ұлдарының бірі.

Патрульдік полиция инспекторы Кездібаев жүргізуші көліктен түсуден бас тартқанын, сондықтан олар оны салоннан сүйреп шығарғандарын, ал патрульдік көлікке жақындағанда екі жас жігіт оларға жақындап келіп, заңбұзушыны әкетуге кедергі келтіруге тырысқандарын айтты.

"Олар бізді тоқтатуға тырысты, олар әкесін босатуды талап етіп, бізді итеріп жіберді", - деді полиция қызметкері.

Жол апатынан зардап шеккен бір қыз ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы өте ауыр, ол комаға түсіп қалған. Сарсенов қамауға алынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Крупным бизнесменом-зерновиком Серикболом Сарсеновым оказался водитель, который врезался в пять машин на своем «Лексус» в мкрн Степной-4 в Караганде. ​ Двое родных сыновей бизнесмена - те, кто препятствовал полицейским в доставлении водителя в отдел полиции. Это старший сын и младший сын. Директор крупной компании работает в сфере зерна. Предприятие работает весьма успешно, раз у этого бизнесмена такой дорогой Лексус. Таких «Лексус 570», как поговаривают, в Караганде всего несколько. - Двое сыновей бизнесмена приехали на место ДТП и требовали, чтобы полицейские убрали руки от их отца. - «Я не ссорился с полицией, не оказывал сотрудникам сопротивления. Мы с братом лишь хотели сами проводить отца до полицейской машины», - сказал в суде один из сыновей бизнесмена. Но судья больше поверил словам полицейских и видеозаписи очевидцев происшествия, которые сняли словесную перепалку и попытку отбить руки сотрудников ОВД от водителя. Как рассказал инспектор службы патрульной полиции Е.Кездибаев, водитель отказывался выйти из машины. После того, как его вытащили из салона и повели к патрульной автомашине, к ним подошли двое молодых людей. «Они пытались остановить нас, требовали отпустить отца, толкали» - сообщил полицейский. - Девушка по-прежнему в больнице в тяжелом состоянии. -------- @patriotkaragandy

Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: