Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылдың полицейі адам құтқарып, өрт сөндірді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 23:31 видеодан кадр
Рудничный ауылының 1000-нан астам тұрғыны бар.

Алматы облысында ауылдық учаскелік полиция қызметкері өртеніп жатқан пәтерден әйел адамды құтқарып, өрттің одан әрі тарауына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылында орын алды. 6 қараша күні учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ербол Аманбаевқа көп пәтерлі үйлердің бірінде өрт шықты деген хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл келген полицей өрт сөндірушілерді күтпей, пәтер есігін бұзып кірген. Ойланбастан түтінге тұншығып қалған 59 жастағы пәтер иесін далаға алып шыққан. Өртеніп жатқан пәтердегі газ толы баллонды далага шығарып, үлкен жарылыстың алдын алған.

"Пәтер иесі Роза апай өртті өзі сөндіруге тырысқан тәрізді. Өйткені, ас үй мен жуынатын бөлме арасында дәлізде жатыр екен. Мен оны тез арада қауіпсіз жерге апардым. Мен жүгіріп кірдім де, ыстық газ балонды ажыратуға тырыстым. Болмаған соң, шлангты пышақпен кесіп, пәтерден шығардым. Қолымды да оңдырмай күйдіріп алдым. Өрт асүйден шыққан сияқты, себебі тоңазытқыш, жиһаздар мен қабырғалар өртеніп жатыр екен. Жуынатын бөлмеден су тасып, қолымнан келгенше шашып, өртті өшірдім", - деді Ербол Аманбаев.

Рудничный ауылының 1000-нан астам тұрғыны бар. Тау етегінде орналасқан ауылдың өз мектебі, күндізгі медициналық ауруханасы, ауыл әкімдігі бар. Дегенмен, өрт шыққан жағдайда ауыл тұрғындары 50-60 шақырым қашықтықта орналасқан Текелі қаласынан көмек күтеді.

"Ауыл таулы жерде орналасқандықтан, оған жету үшін біраз уақыт қажет. Осыны ескере отырып, учаскелік полиция қызметкерінің шұғыл әрекеті мен өрт сөндіру кезіндегі шеберлігін ерекше атап өтуге тұрарлық. Өртті сөндіруде капитан Ербол Аманбаев сол қолын күйдіріп алғанымен, медициналық көмек көрсеткеннен кейін қызметіне қайта оралды. Қазір әдеттегідей жұмысын жалғастыруда", - деп толықтырды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: