Жаңалықтар тізбегі
0

"Арсыз болмай атақ жоқ..." – өнертанушы 91-тобын "сойып" тастады

gakku.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2019 16:56 gakku.kz
91-тобы секілді жолмен ұлттық музыканы танытуға біздің арымыз жібермейді - өнертанушы.

Қазақ жастарының рухани контузияға ұшырауына тобыр музыка басшыларының телерадионы жаппай жайлап алуы басты себеп екенін айтқан өнертанушы Ерлан Төлеутай, қазір көп жас еліктейтін 91-тобын қоқысқа теңеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнертанушы бұл туралы журналист Аман Тасығанның NewOldQazaqtar бағдарламасына берген сұқбатында айтты. Ол, тіпті кейде осы балалар (91-тобы) қазақ жастарының миын қоқысқа толтыру үшін әдейі жіберілген жоба емес пе екен деп те секемденетінін жасырмады.

"Кеңес заманында әлемнен оқшау жабық мемлекет болдық, сол ашылған кезде, музыкаға, дінге ағылған түрлі ағымдар, порно индустрия, наркомандардың, түрменшіктердің музыкасы – бәрі-бәрі жастарға лап қойып, иектеп, оларды үлкендерден алшақ алып кетті. Ал олардың мақсаты – жастарды милау ету. Онда мемлекеттің шаруасы болмады. Себебі мемлекет алдымен экономика, содан саясат деді. Соның жемісі бүгін көріп отырғанымыз, жастар жемтікке айналды. Жас сана соның бәрін қалай көтерсің, әрине милау болды. Рухани контузия алды. Қазір телеарна, радио қоқыс музыкаға толы, елдің әбден ығырын шығарды. 91-тобының әні, әрине ол да қоқсық", - дейді ол.

Өнертанушы бұл топты өнерін тамашалайтын көрермендердің көптігімен ақтауға болмайтынын баса айтты. Өйткені, оның пікірінше, нәжіске шыбын көп үймелейді, ал адам болмысы шыбын секілді.

- Нәжіске шыбын көп қонады ғой. Адам да шыбын сияқты. Отқа айдасаң, боққа қашады. Үймелейді, әсіресе жас шыбын. Өйткені оларға боқтың иісі ұнайды. Рахат. Ал ара – талғампаз, ол гүлдің керемет нәрлісіне қонады. 91-тобын сынасаң, оның тыңдаушысының көптігімен қорқытады. Ал шынында ол - адамзаттың бір кемшілігі. Адам бойы жақсылықтан гөрі жаманшылыққа үйір. Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда дейді. Олардың істеп жүргені сол. Ешқандай өнер жоқ онда, - дейді ол.

Ендеше қазіргі заманауи стильмен неге ұлттық музыканы дәріптемеске, сол 91-тобы секілді амалдарды қолдануға неге болмасқа деген сауал өнертанушыны, тіптен шошытып жіберді.

- 91-тобы секілді жолмен ұлттық музыканы танытуға біздің арымыз жібермейді. Өйткені бізде Біржан салдың, Ақан серінің, Балуан Шолақтың қазып салып беріп кеткен жолы, оры бар. Кененнің аруағы тұр. Өнердің обал-сауабы деген болады. Құрманғазы, тіпті түрмеде жатса да ұлттық музыканы бүлдірген жоқ. Мысалы, 91-тобының аузынан "Құрттың қ-ғы" деген сөз шығады. Оның қандай тереңдігі, оның қандай керемет тұсы бар? Біз ондай деңгейге түсе алмаймыз.

Жалпы, шоу-бизнес деген өте жауыз, жалмауыз нәрсе. Ол ұлттық музыка, кісілік, адамгершілік, жастарға обал болады ғой дегенді ұқпайды. Онымен санаспайды. Ал біздің шоу-бизнестің төрінде отырған кімдер? Ол - тобырлық музыканың продюсерлері. Тойдан тапқан ақшаға телеарналардан бағдарлама ашады да өз тобырын "жарнамалап", солардың музыкасын қоя береді. Ақша табудың сондай көзін тауып, жақсылап жол салып алған. Жекеменшік түгілі, мемлекеттік телеарналарды билеп-төстеп алған олар. Домбыра ұстаған адам көрсе, олар ешкікөзденіп, дүрдиіп шыға келеді. Форматқа келмейді, тағысын тағы деп түрлі сылтау ойлап табады. Шындығында, ол өз тобырының орнын басқаларға босатып бергісі келмейді. Сол себепті домбыра деген ескіліктің көзі, қазақ кан деген нашар, ол ешқайда өтпейді деген идеология жүргізіп, жолды жаба бастады. Сөйтіп телеарнаға домбырамен бір де бір жасты шығарған жоқ. Ең соңғысы Рамазан Стамғазиев шығар. Домырамен жұлдыз болған. Одан кейін ешбір жасты жолатпады олар, - дейді Ерлан Төлеутай.

Әрине, өнертанушы бұл келеңсіз құбылысты жоятын уақыт жеткенін айтады. Өйткені елде үлкен өзгерістер болып жатыр. Алдымен экономика деген ұран саябырсыды. Сондықтан ол билік мәдениет пен өнер идеологиясына енді дұрыстап ден қояды деп сенгісі келеді.

- Қазір домбырадағы бір мықты әншіні жұлдыз қып шығаруымыз керек. Ұлттық музыка ескінің нәрсесі емес екенін, оның құдіретін танытып. Адам өзін тобыр емес қазақ екенін сезінуі үшін керек ол. Телеарналар сондай жобаны қолға алуы керек. Бұл – біріншіден. Екіншіден, фонограманың көзін жою қажет. Сонымен көп келеңсіздік те кетеді сонда. Үшіншіден, әншілерге лицензия берілуі керек, солар ғана тойға да, концертке де шыға алатындай. Сонда тобырлықпен иық тіресіп күресуге болады. Ал қазір бізде тең мүмкіндік жоқ, тобырлық музыка төбемізге шығып алып, жастардың миын улап жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: