Жаңалықтар тізбегі
0

Нағыз дәріхана нақтылығы

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2019 18:26 zakon.kz
Алтын кендерінің лабораториялық сынамалары дәріханадағы таблеткалар, не болмаса дүкендегі азық-түлік секілді таңбаланатын болады.

"Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнындағы" өндірістік лабораторияда сынамаларды қабылдау ісін жылдамдататын жүйе енгізілген. Таңбалау әдістемесі адами факторды жойып, сынамаларды таңбалау кезінде қате жіберу мүмкіндігін барынша төмендетуге жағдай жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарапайымда даналық бар! Сынамасы көрсетілген қапшыққа, дәл дүкендегі тауарда көрсетілгендей, штрих-код жапсырылып, сол штрих-код кәдімгі сканер арқылы оқылады. Қазақстандық бағдарламашылар Mine Vision бағдарламасы негізінде әзірлеген жүйе лабораториядағы механикалық жұмыстың көлемін анағұрлым азайтуға қабілетті. Ал тиелген сынамалар үш жүз қапшыққа дейін жетуі де мүмкін.

- Бұрғыланған геологиялық барлау ұңғымасынан алынған топырақ сынақтары бар қапшықтарды лабораторияға жібергенде, геологтар оның әрқайсысына, матасының үстіне маркермен жазба қалдыруы тиіс еді, - дейді жоба авторларының бірі, БТӨК учаскелік геологы Саңлақ Жұмагелдин.

- Әрқайсысына он бір сан мен төрт әріп – ұңғыма нөмірі, тапсырыс-жүктелім нөмірі және сынама нөмірі жазылады. Ал сондай қапшық саны бір тапсырыс-жүктелімнің өзінде жиырмаға дейін жетуі мүмкін. Әлбетте, жұмысшы, әсіресе түнгі ауысымда қате жіберуі ықтимал. Бұл ақпараттың кәдімгідей бұрмалануына әкеп соқтырады. Енді осының барлығы жойылды. Геологтың тарапынан керегі тек қана – су жұқпайтын қағазға (жазбаны жаңбыр мен қар өшірмеуі үшін) түсірілген штрих-коды бар ағаштан жасалған бирканы қапшыққа байлау және лабораторияға жіберу. Ал лабораторияда штрих-код таразыға қосылған сканер арқылы оқылып, сөйтіп таразыдағы көрсеткіштер бағдарламаға шығарылады. Сол көлемдегі бүкіл процесс екі есе аз уақытты алады.

Қарасаңыз, бәрі оңай секілді. Жабдықтардан тек штрих-кодты шығаратын принтер мен сканер керек. Алайда металлургия – біршама консервативті сала. Сондықтан экономикалық мақсаттылықты дәлелдеуге тура келді.

"Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының" техник-геологы Радион Насыров, тіпті, алтын өндіруші Polymetal компаниясының жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференциясында осы тақырыпқа арнап сөз сөйлеп, талғағыш экономистерді көндіре алды. Басты дәлел ретінде таусылатын ресурс – уақыттың үнемделуін алға тартты.

- Біздің есептеуімізше, штрих-кодтарды қолдану кезіндегі кездейсоқ қателіктер үш есе төмендеп, бір-екі пайызға жетсе, сынамаларды қабылдау мерзімі екі есе азаяды, - деп түсіндірді Радион. - Үш жүз қапшықтан тұратын топтама 15 минуттың ішінде қабылдануы мүмкін.

Әріптесінің сөзін БТӨК зауыттың орталық лабораториясы сынама даярлау учаскесінің меңгерушісі Руслан Базаев та растап отыр.

- Штрих-коды бар чипті қолдану таңбалау процесін де, сондай-ақ лабораторияның сынаманы қабылдауын да жеңілдетеді. Міне, қараңыз, кен орнынан келген осы 300-350 қаптан тұратын үйіліп жатқан сынамаларды бұрын екі адам кем дегенде бір жарым сағат реттеп отыратын. Алдымен оларды тапсырыс-жүктелім бойынша жіктеп, кейін әрқайсысын тізімнің ішінен тауып, электронды таразыда өлшеп, салмағын жазу керек еді... Енді осының барлығы артта қалды. Бүкіл процесс автоматтандырылған кезде шығынға әкеп соқтыратын техникалық қателіктердің туындауы жоққа шығарылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2019 18:26

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: