Марстан ұсақ жәндіктер табылды

20 Қараша 2019, 15:27
Сурет: hightech.fm

АҚШ-тың Огайо университетінің энтомологы Уильям Ромозер Марста жүретін Curiosity аппараты түсірген фотосуреттерден Жердегі жәндіктерге ұқсайтын тіршілік иелерінің іздерін тапқанын айтты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Алайда, Science Alert басылымы, мұның жалған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, өйткені көптеген жылдар бойы зерттеп жүрген нәрсесіне бөтен нәрсені ұқсату ғалымдарда көп кездеседі екен.

Ромозер Марста Жер бетіндегі қанаты, қабығы, мұрты бар бунақ денелі ұсақ жәндіктерге ұқсас тіршілік иелері бар деп санайды. Энтомолог фотоларды мұқият зерттеп, Марстағы топырақтың борпылдақ жоғары қабатынан үйіндіге назар аударған. Одан кейбіреуі қозғалатын және ұшатын жәндіктерге тән қалыптар байқалған, тіпті ғалым бірінің көзін де байқапты.

Содан кейін де ғалым басқа суреттерден өзі куә болғанформаларға ұқсас дүниелерді тапқан. Ромозер бұл Марста тіршілік бар екенін растайтын жаңа зерттеулер үшін жақсы

Science Alert басылымының авторы энтомолог ғалымдар арасында кең таралған дерт - парейдолияның құрбаны болды, ол кез келген суреттерді алып қарағанда, оның миындағы таныс кездейсоқ бөлшектер көз алдына елестеп, оны ұқсата береді деп санайды


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?