Алматы облысында жер астынан танкі табылды
Baq.kz
Жер астында көмулі жатқан мұндай әскери техниканың әлі де бар екені белгілі.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Совет Одағы пен Қытай теке тіресіп, аралары шиеленісіп тұрған сәтте Панфилов ауданының шекаралық аумағына ірі танктерді әкеліп жерге көміпті. Бұл туралы baq.kz Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағаттың Facebook-тегі парақшасындағы жазбаға сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше жергілікті басылымдарда Панфилов ауданының тұрғындары жер астынан танкі тауып алғандығы жөнінде ақпар тараған болатын. Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы бұл танкілердің сонау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Қытай елімен қарым-қатынастың нашарлауынан сақтанған Совет үкіметінің әдейі жер астына көмгендігін айтуда.
"Көмгенде окоп, блиндаж қазып, танкніні қытай жаққа қаратып, атуға ыңғайлы етіп дайындап қойған екен. Кейін совет одағы ыдырағасын бұл танкілер сол қалпы қараусыз қалған. Бірлі жарымының ұсақ-түйек бөлшектері қолды болған. Десе де, жерде көмулі осындай танкілер әлі де бар. Қауіпсіз, снаряд, оқ-дәрі, ештемесі жоқ. Қазіргі уақытта осы мәселемен арнаулы органдар айналысып жатыр", - деп жазды баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасына.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript