Тұңғыш Президент күніне арналған кино апталығы өтеді

yvision.kz yvision.kz
"Елбасы жолы" киноэпопеясының "Балалық шағымның аспаны", "От өзен", "Тығырықтан жол тапқан" атты бөлімдері көрсетіледі.

Елбасы кітапханасында 26 қарашада сағат 15.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндіктің аясында кино апталығының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

Кино апталығының ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, тележүргізуші, композитор, "Жас тұлпар" және "Серпер" ҚР Жастар одағы сыйлықтарының иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов қатысады.

Игі дәстүрге айналған кино апталығында мектеп оқушыларына, колледж бен жоғары оқу орны студенттеріне, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарына, Ұлттық гвардия қызметкерлеріне "Елбасы жолы" киноэпопеясының "Балалық шағымның аспаны", "От өзен", "Тығырықтан жол тапқан" атты бөлімдері көрсетіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз