Жаңалықтар тізбегі
0

Тұңғыш Президент Күніне Арналған Мерекелік Кеш Өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:44 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл - ел перзентіне, Ұлт көшбасшысына берілген әділ баға және лайықты құрмет.

Елдің ыстық ықыласы мен Елбасына деген құрметтің белгісі ретінде бірнеше жылдан бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіп жүр. Бұл - ел перзентіне, Ұлт көшбасшысына берілген әділ баға және лайықты құрмет. Осыған орай, Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мәдениет орталығында Түркістан облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы" атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты кеште Түркістан облыстық мәдениет мекемелерінің өнерпаздары мен ХҚТУ студентері өнер көрсетті. Концерт шымылдығы "Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы" атты театрландырылған музыкалық хореграфиялық қойылыммен ашылды. Елбасының қайраткерлігі мен ел үшін атқарған ерен еңбектеріне арналған "Елбасы", "Нұр-Сұлтан – басқала" әндері шырқалып, Елбасы ерекше ықыласпен қабылдаған дәстүрлі әндерден үзінділер орындалды. Түркі жұртының рухани астанасы Түркістан қаласына арналған туындылар мен патриоттық, азаматтық бағыттағы шығармалар орындалған мерекелік кеш Нұрсұлтан Әбішұлының сөзіне жазылған "Елім менің" әнімен түйінделді. Мәдениет залының фойесінде орналасқан "Елбасы және Ұлы Дала мұрасы" атты фото және кітап көрмесі Тұңғыш Президенттің ел басқару ісіндегі ерекше сәттерінен сыр шертіп, келген көпшілікке айрықша әсер қалдырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:44, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:44, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:44, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:44, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:44

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: