ҚР ІІМ Олеся Кексельдің ісіне қатысты ешқандай түсінік бермейтін болды

Информбюро Информбюро
Ресми ақпарат болады. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деді Тұрғымбаев.

Үкімет дәлізінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар шенеуніктерге шүйлігіп, ақыры істі болған Олеся Кексельдің жайын тағы да сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ресми түрде ІІМ сайтында біз бәріне жауап бергенбіз. Онда бәрі жазылған, - деді Тұрғымбаев (бұл жерде Ішкі істер министрлігінің сайтынан мұндай ақпарат табылмағанын айта кетелік).

- Не жазылған? Бүгінгі жағдайы қандай? Кексельге қатысты іс жалғасып жатыр ма? Қожамжаров мырза айтқандай, бұл іс жабылған жоқ па? – деп сұрады журналистер жарыса министрден.

Ол ресми түрде ақпарат бар екенін, одан басқа ештеңе айта алмайтынын айтты.

- Ресми ақпарат болады. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деді Тұрғымбаев.

Өткен аптада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы басшысы және бұрынғы бас прокурор, қазіргі сенатор Қайрат Қожамжаров Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылғанын айтты. Алайда ҚР Ішкі істер министрлігі іле-шала бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі азаптау бойынша тергеу ісі қолға алынғанын хабарлаған болатын, күдіктілер ішінде Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель де бар болып шықты.

Осы ақпарат пайда бола салысымен сайт редакциясы ҚР Бас прокурорына сауал жолдады. Олар сауалды ҚР ІІМ Тергеу департаментіне сілтеді, ал ондағылар сол күйі редакция сауалына жауап бермеді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз