Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Оралда нотариус келіншек кепілге алынды

Ираида Ислямғалиеваның таныстары оны кепілге алған адамның нотариустың бұрынғы күйеуі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сурет : видеодан алынды/УН28 Қараша 2019, 16:16

Оралда нотариус келіншек кепілге алынып, полиция белгісіз адаммен келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz УН басылымына сілтеме жасап.

Қазір Ираида Ислямғалиеваның нотариалдық кеңсесі орналасқан үйдің айналасын полиция қоршап алған. Полиция бірінші қабаттағы пәтерлердің тұрғындарын эвакуациялады. Полиция қызметкері нотариус кеңсесін ішінен бекітіп, нотариусты кепілге алған белгісіз адаммен келіссөз жүргізуде.

Құқық бұзушының не талап етіп жатқаны, әзірге белгісіз, бірақ ол кеңсенің есігін ашып, үйден шығуға келіспеуде.

Ираида Ислямғалиеваның таныстары оны кепілге алған адамның нотариустың бұрынғы күйеуі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өзіне қол жұмсап, қоқаңдай беретін күйеуінен шаршаған әйел бірнеше жыл бұрын одан ажырасқан. Ол полицияға бірнеше рет шағымданып, көмек сұрағанымен, бірақ олар базбұзар еркекке қатысты тиісті шара қолданбаған, - дейді Ираиданың отбасылық жағдайын білетін таныстары.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер