Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Болашақ" бағдарламасына іріктеу рәсімі ашық түрде өтетін болады

Белгілі болғандай, 2020 жылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері енгізіледі.

Сурет : bolashak.gov.kz28 Қараша 2019, 17:33

Келер жылдан бастап жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен "Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеу рәсімі ашық болады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова айтты.

"Болашақ" бағдарламасын іске асыруға жұмсалған 26 жыл ішінде 13 870 стипендия тағайындалды және 10 854 маман дайындалды.

- 2019 жылы жалпы 555 стипендия бөлінді, оның ішінде ағымдағы жылдың 24 маусымында 134 стипендия Республикалық комиссияның шешімімен тағайындалды, осы жылдың 27 тамызында 187 стипендия, соңғы кездесудің қорытындысы бойынша, стипендия магистратура мен докторантурада білім алатын 234 талапкерге тағайындалды, - деді Рүстем Биғари.

Белгілі болғандай, 2020 жылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Өзгерістер конкурстық іріктеуді жүргізудің тетіктерін жетілдіруді қарастырады. Модернизация басымдыққа ие мамандықтар тізімін құру мәселесін де қозғайтын болады.

- "Болашақ" бағдарламасы келер жылдан бастап экономика үшін мақсатты түрде мамандарды дайындайды, - деп түсіндірді вице-министр.

Білім сапасын арттыру мақсатында "Болашақ" бағдарламасы бойынша пәндік бағыттар бойынша білім алуға ұсынылған университеттердің тізімі қысқарады. Үміткерлердің білім деңгейіне қойылатын талаптар күшейеді, сондай-ақ, тіл бойынша дайындық тоқтатылады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер мен конкурстық рәсімдеулерге тікелей қатысы бар адамдардың байқауға қатысуына шектеу қойылады. Ал халықаралық стипендиялық бағдарламалардың тәжірибесіне сүйене отырып, электрондық үкімет веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер