Қазақстанда "Болашақ" стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережесі өзгерді
"Болашақ" стипендиясын алу үшін кандидаттарды іріктеудің жаңа қағидалары скринингтік тетікті енгізе отырып, конкурстық іріктеуді жаңартуды көздейді. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді.
Сондай-ақ, мемлекеттік аппаратты одан әрі жақсарту үшін тілдік курстардан өту мүмкіндігімен "магистратура" бағдарламасы бойынша оқыту үшін "мемлекеттік қызметшілер" санаты енгізіледі.
Сонымен қатар, бағдарлама түлектері үшін БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМТ сияқты Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда еңбек өтілінен өту мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ, конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі уәждемелік хатпен толықтырылды. Конкурстық іріктеуден өтпеген кандидаттарға сол күнтізбелік жылы конкурсқа қайта қатысу құқығы беріледі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінде атап өткендей, жалпы бұл өзгерістер "Болашақ" халықаралық стипендиясын жетілдіруге және ел экономикасының түрлі салалары үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталған.