"Болашақ" стипендиясын алуға үміткерлерді іріктеу ережелері өзгерді
Фото: Zakon.kz
Атап айтқанда, "Болашақ" стипендиясы келесі санаттар үшін тағайындалатыны нақтыланады:
- өтініш беру сәтінде конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсыру кезінде Республикалық комиссия айқындаған санатқа жататын және жалпы еңбек өтілі кемінде үш жыл болатын, оның ішінде таңдалған мамандық саласында өтініш беру сәтінде соңғы 12 ай ішінде үздіксіз нақты еңбек өтілі бар, сондай-ақ көрсетілген бүкіл кезең үшін міндетті зейнетақы жарналарының есептелуі расталған (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда) тағылымдамадан өтуге үміткерлер.
Бұл ретте өтініш беру сәтінде конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсыру кезінде жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар санатына жататын, өндірістік қызметті жүзеге асыру немесе нақты функциялар мен міндеттерді орындау барысында жасанды интеллект жүйесін тікелей пайдаланатын адамдар болып табылатын тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін өтініш беру сәтінде таңдалған мамандық саласында соңғы алты ай ішінде үздіксіз нақты еңбек өтілі болу талабы белгіленеді.
Сондай-ақ мынадай толықтыру енгізілген:
- магистр дәрежесін алуға үміткерлер, өтініш беру сәтінде конкурстық іріктеуге қатысу үшін атом саласының қызметкерлері болып табылатын адамдар;
- философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, сондай-ақ тағылымдамадан өтуге үміткерлер, өтініш беру сәтінде конкурстық іріктеуге қатысу үшін атом саласының қызметкерлері болып табылатын адамдар.
Бұдан бөлек, магистр дәрежесін алу үшін "Болашақ" стипендиясына үміткерлерге конкурстық іріктеуге қатысу шарттары нақтыланады:
- үздік шетелдік жоғары оқу орнына (оқу ақысына қатысты қаржылық шарттарды қоспағанда) академиялық оқуға сөзсіз қабылдануы, тізімге енгізілген, бұдан басқа ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерді, инженерлік-техникалық, медициналық қызметкерлерді, мемлекеттік қызметшілерді, атом саласы қызметкерлерін қоспағанда;
тізімге енгізілген үздік шетелдік жоғары оқу орнында, сондай-ақ өзге шетелдік немесе қазақстандық ұйымдарда оқу ақысы толық өтелетін (академиялық оқу ақысы мен оқу кезеңіне толық шығындарды қамтитын) негізде магистр дәрежесін алу үшін сөзсіз шақырту (қабылдану) бар үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына рұқсат етіледі;
- шетел тілі бойынша белгіленген ең төмен талаптарға сәйкес келетін тіл білу деңгейі (4-тармақтың 2, 3, 4, 5 және 7-тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін);
- бакалавр немесе маман дипломының орташа балы 4.0/4.33-тен кем емес 3.0 GPA немесе бағаларды баламаландыру кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі;
- бакалавр/маман дипломы бойынша мамандықтың таңдалған мамандыққа шетелде оқу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде родстволық мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі.
Сонымен бірге магистр дәрежесін алу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әкімшіге мынадай құжаттарды ұсынады:
- Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының, оның филиалының, өкілдігінің, үміткер еңбек қатынасында болатын және республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ұйымның маман даярлауға және жұмыс орнын сақтай отырып оқытуға өтінімінің электрондық көшірмесі (мемлекеттік қызметшілер және атом саласы қызметкерлері санаттары үшін);
- еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ талап етілетін кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме (ауылдық елді мекендерден келгендер, инженерлік-техникалық, медициналық қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, атом саласы қызметкерлері үшін), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда;
- шетел тілі емтиханының қолданыстағы ресми сертификатының электрондық көшірмесі (белгіленген ең төмен талаптарға сәйкес нәтижемен);
- шетелдік жоғары оқу орнына сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (оқу бағдарламасы, мамандығы, оқу мерзімі көрсетілген), қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармаларымен.
Сонымен қатар PhD, бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер мына құжаттарды ұсынады:
- жұмыс берушінің маман даярлауға және жұмыс орнын сақтай отырып оқытуға өтінімінің электрондық көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ талап етілетін кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме (4-тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда.
Республикалық комиссия шешімінде ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерге, инженерлік-техникалық, медициналық қызметкерлерге, мемлекеттік қызметшілерге, атом саласы қызметкерлеріне магистр дәрежесін алу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес тілдік курстардан өту қажеттілігі туралы "Болашақ" стипендиясы есебінен белгіленетіні көрсетіледі (курстар ұзақтығы кестесіне сәйкес).
Сондай-ақ стипендия тағайындалғаны туралы Республикалық комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде жеңімпаз әкімшімен оқу шарты/тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады. Шарт үлгілері уәкілетті органмен бекітіледі және онда міндетті түрде мына талаптар қамтылуы тиіс:
- оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметшілер үшін – жіберген мемлекеттік органда кемінде бірінші жыл жұмыс істеу;
- 6-тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – кемінде үш жыл;
- 7 және 8-тармақшалардағы санаттар үшін – кемінде үш жыл;
- жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтау міндеттемесі (5, 6, 7 және 8-тармақшалардағы санаттар үшін).
Қаулы 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.