Жаңалықтар тізбегі
0

Жуалыдағы тау шаңғы кешен туристерді көптеп тартпақ

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 03:35 Жамбыл облысы
Бүгінде тау шаңғы базасының құрылыс жұмыстары 85 пайызы аяқталған.

Жуалы ауданындағы тау бөктерінде салынып жатқан бірегей жоба «Қаралма» тау шаңғы базасының құрылыс жұмыстары 85 пайызы аяқталған. Бұған облыс облыс әкімі Асқар Мырзахметов аталған ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде көз жеткізіп қайтты.

Тек қыс айларындаға ғана емес жыл 12 ай туристерге қызмет көрсетуге арналған базада негізгі инфрақұрылымдармен бірге, қонақ үй-коттедждер, және өзгеде қызмет көрсету кешендерінің құрылысы қолға алынған. Халықаралық автожолдың бойынан нысанға дейін жеті шақырымдық жол төселді. Сервистік кешендердің қызметіне қажетті өзгеде инфрақұрылымдарды тарту жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда 100-ден астам жұмысшы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құрылыс нысанында күн-түнге қарамай еңбек етіп жатыр.

Айта кету керек қыс айларында жергілікті тұрғындарға таңсық шаңғы спортымен айналысуға мүмкіндік беретін кешен жаз айларында туристерге саумалмен, қымызбен емдейтін, атпен серуен құру қызметтерін ұсынатын болады.

«Қаралма» тау шаңғы базасы негізінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатыр. Жобаның жалпы құны – 4 миллиард теңгені құрайды. Сәйкесінше ондағы турситік сервистік кешендердің құрылыс жұмыстары да жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жүргізілуде. Бұл нысандардағы қызмет құнының қарапайым туристердің қалтасына қонымды болуы да басты назарда.

Негізінен демалыс орны Алатау тауының баурайында теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте салынып жатыр. Сонымен қатар тауды ұшар басынан кешенге дейін 2 500 метрлік шаңғымен сырғанау жолағы түскен. Ал бұл жолаққа жету үшін кешеннен 2050 және 350 метрлік аспалы жолдар тартылған. Аспалы жолда шаңғышыларды қажетті жерге дейін тасымалдайтын қондырғылар Австрия елінен жеткізілген.

Облыс әкімінің тапсырмасына сай кешендегі құрылыс жұмыстарының өз мәресіне жақындап қалды. Қазір мұндағы жұмысшылары 350 метрлік аспалы жолды монтаждау және орнату шараларын жүргізіп жатыр. Ал сырғанау жолағына жеткізетін ұзындығы 2 мың метрден асатын аспалы жолдың құрылысын бір-екі айда толығымен аяқталады. Тау шаңғы базасының өзі Тәуелсіздік күні мерекесінен бастап шаңғы спортына қызығушы туристерді қабылдай бастайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 03:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 03:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 03:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 03:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 03:35

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: