Жаңалықтар тізбегі
0

Іле-Алатау табиғи паркінің аумағында 5 жер телімі жалға беріледі

almaty.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2019 15:19 almaty.tv
"Көкжайлау" тау-шаңғы курортының құрылыс 3 жылда аяқталуы тиіс.

"Көкжайлау" тау-шаңғы курортының жаңа кейіпке енер күні алыс емес. Демалыс орнындағы жер теліміне қатысты тендерлік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағындағы 5 жер телімі мемлекеттік байқау арқылы сатылымға шығарылды. Оның төртеуі "Көкжайлау" курортының құрылысына бағытталған. Бұл бас-аяғы 134,4 гектар аумақты алып жатыр.

Енді 15 күн бойы құжаттардың дұрыс-бұрыстығы анықталады. Содан кейін, жер учаскелерінің ұзақ немесе қысқа мерізімге беру туралы шешімі шықпақ. Кейін, бір жылдың ішінде жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Сөйтіп, бас-аяғы 3 жылдың ішінде құрылыс қарқыны аяқталып бітуі тиіс. Бастысы, флора мен фауна әлеміне кесірі тимейді дейді мамандар

"Зияны тимейді деп айтуға болады. Қазір туризм саласын қарқынды дамытуымыз керек. Қоғамдық кеңесте жобаның бас жоспары талқылаудан өткен. Экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар. Сол үшін алаңдауға негіз жоқ деп айта аламын", - дейді Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Дархан Исабеков.

Айта кетейік, "Көкжайлау" курортына қарасты 134,4 гектар аумақтың 17 гектары – автомобиль жолдарына, 5,8 гектары – су бөгетіне, 67 гектары – шаңғы трассасына және 0,1 гектары аспалы жолға қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: