Жаңалықтар тізбегі
0

Іле Алатау паркінің 188 гектар жері жекеменшікке беріледі

Pavel Mikheyev (Reuters), сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2021 21:55 Pavel Mikheyev (Reuters)
Іле Алатау ұлттық паркінің аумағы алғаш рет тендерге қойылып жатқан жоқ.

Іле Алатау ұлттық паркінің жалпы көлемі 187,7 гектар болатын 35 аумағы жекеменшікке пайдалануға беріледі, деп жазады centralasian.org.

Ұлттық парктің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, туристік және рекреация нысандарын дамыту мақсатында аталған аумақтарды пайдалану үшін тендер жарияланып, конкурс өтеді. 9 аумақты – 25 жылға дейін, 26 аумақты 5 жылға дейін жекеменшік компанияларға пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, парк аумағында төмендегідей нысандар салуға басымдық беріледі:

Үлкен Алматы орманы аумағынан тау-шаңғы курортын салуға – 140 гектар жер бөлінеді;
эко-қонақ үйге салуға 1.5 гектар жер қарастырылған;
туристік сауықтыру кешендері;
қоғамдық тамақтану орындары;
балалар лагері.

Іле Алатау ұлттық паркінің аумағы алғаш рет тендерге қойылып жатқан жоқ. Былтыр көктем мен жазда Іле Алатауы ұлттық паркіне тиесілі жердің бір бөлігінің (бұл аумаққа Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан шатқалы, Асы үстіртінің учаскелері мен басқа да жерлер кіреді) жекеменшік компанияға 49 жылға жалға бергені белгілі болған. Ұлттық меншік саналатын аумақты жалға беру экобелсенділер арасында үлкен резонанс туғызған.

Іле Алатауы ұлттық паркінің учаскелерін жалға алған "Құлтау және К" компаниясының артында кім тұрғанын Азаттық жазған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: