Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Асқар Мырзахметов Жуалыда қоғамдық қабылдау өткізді

Айта кетейік, облыс әкімінің қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта басқа да аудандар да жалғасын таппақ.

Сурет : Жамбыл облысы28 Қараша 2019, 23:49

Тұрғындардың арыз-шағымдарына, ұсыныс-пікірлеріне жергілікті атқарушы органдар айрықша ден қойып, олармен жүйелі әрі шынайы жұмыс жүргізіп, уақытылы шешімдер қабылдап отыру – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл туралы бүгін облыс әкімі, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметовтың Жуалы ауданында өткізген қоғамдық қабылдауында айтылды.

Партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен қабылдауға ауданның алты тұрғыны қатысып, көкейлерін өзекті сауалдарын жолдап, орамды ой-пікірелерін ортаға салды. Айталық, Қайрат ауылының тұрғыны Кәрібай Құрмашев аудандағы 19 елдімекенді газдандыру мәселесін көтеріп, ауылдастарының талап-тілегін жеткізді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров бұл бағытта тиісті қаражаттар қарастырылып, жобалық құжаттар жасалынып қойғанын, алайда елдімекендер көгілдір отынға кезең-кезеңімен қосылатынын білдірді. Аймақ басшысы Асқар Исабекұлы осы ретте халық өтінішін назарға алып, газ құбыры тартылып үлгерген ауылдарды шетінен көгілдір отынға қоса берудің маңыздылығына көңіл бөліп, бұл бағыттағы жұмыс үйлестіруді тапсырды.

Ал, Қоңыртөбе ауылының тұрғыны Сабыр Түймебаев Д.Пахомов атындағы орта мектепке жапсарлас алты оқу кабинетін және спорт зал соғу мәселесін ортаға салды. Оның сұрағына облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров жауап беріп, ол үшін 198 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттардың әзірленгенің жеткізіп, аталған жұмыстар келер жылы толығымен жүзеге асатынын айтты. Сол секілді нұрлыкенттік Мухиддин Нұрпейісовтың ауылға мәдениет үйін соғу мәселесі "Ауыл – ел бесігі бағдарламасы" аясында шешімін табатын болды. Облыс басшысы осы орайда елдімекендердегі жаңадан бойы көтеріп жатқан мәдениет үйлерін тиімді пайдаланудын өзектілігіне тоқталып, ондай ғимараттарды әмбебап нысан ретінде салу мүмкіншілігін ескеру керектігін баса айтты. Яғни, мәдениет үйің спорт зал ретінде де ыңғайластырып, барынша ауыл тұрғындарының қажеттілігіне үздіксіз қызмет еткізу жайы назарға алынбақ.

Облыс басшысының аудандағы қоғамдық қабылдауына жазылған өзге де тұлғалар түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Олардың қатарында жер, жайылымға жайттарды айрықша атауға болады. Қабылдауда жуалылықтар әлеуметтік мәселелерге айрықша назар аудартты десек, шақпақаталық Смаул Көбесов ауылдағы амбулаторияның тұрғындарға тарлық етіп отырғанын, аудандық аурухананың қызмет көрсету сапасы көңілден шықпайтынын, саладағы маман тапшылығын ашына айтты. Сондай-ақ, Теріс ауылының тұрғыны Оралбек Махашов ауылдардағы мал дәрігерлеу жұмыстары ойдағыдай еместігін алдыға тартты.

Аймақ басшысы, көтерілген сауалдардың өзектілігін тілге тиек етіп, бұл орайда арнайы комиссия құрылып, нақты тексеріс жұмыстарының жүргізілетінін атап өтті. Қорытындының шынайы әрі нәтижелі болуы үшін құрылатын комиссия құрамына арызданушы тұлғалардың өздерін барынша тарту керектігіне айрықша тоқталды. Асқар Исабекұлы жауапты тұлғаларға тұрғындардың әрбір арыз-шағымымен жіті жұмыс жасап, кем-кетіктер мен орын алып отырған олқылықтарға өз деңгейлерінде барлау жасап, заң аясында шешім шығарып отыруды нықтап тапсырды.

Айта кетейік, облыс әкімінің қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта басқа да аудандар да жалғасын таппақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер