Атырауда ҰҚК қызметкеріне пара бермек болған қос қытай ұсталды

zhalagash-zharshysy.kz zhalagash-zharshysy.kz
Одан бөлек қос қытай ұдайы қолдау көрсетіп отырса, ай сайын 200 мың теңгеден ауызбастырық беруге уәде еткен.

Атырауда пара бермек болған Қытайдың екі азаматы қамауға алынды. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне 2 миллион теңге ұстатпақ болған, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Бұған дейін қос қытай азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалыпты. Өйткені олар Көші-қон заңын елемей, Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген. Тәртіп сақшылары ұстап, сотқа дейін жеткізеді. Ал қытайлар істі тоқтатуға араға тамыр-таныс салып, тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне дейін жолыққан. Оған қонақ үйде 2 миллион пара беріп жатқан кезінде ұсталды. Одан бөлек қолдау көрсетіп отырса, ай сайын 200 мың теңгеден ауызбастырық беруге уәде еткен. Бірақ сертінен таймаған қауіпсіздік қызметкері қытайлықтарды ұстап берді. Қазір екеуі қамауда отыр", - дейді телеарна тілшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз