Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Иранда наразылық кезінде жүздеген адам қаза тапты

Кейбір дерек бойынша, қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Сурет : azattyq.org3 Желтоқсан 2019, 10:08

Иранда бензин бағасының қымбаттауына қарсы наразылық акциясы кезінде 208 адам қаза тапты деп мәлімдеді 2 желтоқсанда "Халықаралық амнистия" құқық қорғау ұйымы.

Кейбір дерек бойынша, қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. The Ney York Times басылымы 450 адамның өлгенін жазды, деп хабарлайды Азаттық.

Үкімет бензин бағасының 200 пайызға қымбаттайтынын мәлімдегеннен кейін Иранда 15 қарашада жаппай наразылық шаралары басталған. Алғашқы акцияларды полиция күшпен басып, Иран билігі бір апта интернетті өшірді.

Таяу Шығыстағы "Халықаралық амнистия" зерттеу бөлімінің директоры Иранның қауіпсіздік күштерінің бейбіт азаматтарды өлтіргенін айтып, халықаралық қауымдастықты қарапайым азаматтардың қанын төккен билік өкілдерін жазалауға шақырған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, "Халықаралық амнистия" растығына көз жеткізген видеожазбада полицияның қарусыз бейбіт адамдарға оқ атқаны көрінеді. Ақпарат бойынша, қаза тапқандардың туыстарына журналистермен сөйлеспеуге және жерлеу рәсімін жасамау туралы ескерту айтылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер