Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та Милтон дауылынан кемі он үш адам қаза тапты

Милтон дауылынан адамдар қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 12:10 Сурет: pixabay
АҚШ-тың Флорида шығанағында соққан Милтон дауылынан кемі он үш адам қаза тапты. Ал жарақат алғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді жергілікті билік өкілдері.

Дегенмен табиғи құбылыс бұған дейін болжанғандай сұрапыл болмады. Себебі жағалауға жеткен тұста желдің екпіні едәуір бәсеңдеген.

Десе де Тампа қаласы маңында желдің екпіні сағатына 160 шақырымға жеткен. Салдарынан бірнеше ауданды су басып, өңір инфрақұрылымына орасан зор зиянын тигізді.

Үш миллиондай тұтынушы жарықсыз отыр. Дауыл кезінде мектептерді паналаған тұрғындар қазір үйлеріне қайта бастады. Бұл өңірде қазақтар да көп тұратынын кеше айтқанбыз, деп жазады qazaqstan.tv.

Оңтүстік Флорида университетінде докторантурада оқып жатқан Бурхан Әділхановтың хабарлауынша, Тампа маңында өмір сүретін отандастарымыз дін аман.

"Өте үлкен дауыл болады деп есептелген Милтон Тампа қаласынан өтуі керек еді. Бірақ траекториясын өзгертіп, Тампаның оңтүстігіндегі Сарасота қаласына келіп тиді және оның жылдамдығы жағада азайды. Енді қазақтардың барлығы амам. Құдайға шүкір. Енді дауыл өтті. Қазір Атлант мұхитында. Құрлықта ешқандай дауыл жоқ." Бурхан Әділханов, Қазақстан азаматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: