АҚШ-та торнадо соғып, 5 адам қаза тапты
Сурет: pixabay
АҚШ-тың орталық штаттарында қайта-қайта соққан торнадодан кемінде 5 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде 4 айлық бала бар.
Сонымен қатар ондаған мың адам жарықсыз қалып, талай үй жермен-жексен болып, бір Оклахоманың өзінде 100 шақты тұрғын жараланды, деп жазады qazaqstan.tv.
Құрама Штаттардың Ұлттық метеорология қызметінің ескертуінше, қазір 7 миллиондай адамға торнадодан қауіп төніп тұр.
Ал Шығыс Техастан Иллинойс пен Висконсинға дейінгі аралықта тұратын 47 миллион америкалыққа алапат дауыл соғатыны, жауын құятыны және бұршақ жауатыны хабарланды.
Ал солтүстік-батыс Техастан Канзас пен Миссуриге дейінгі кеңістікте 40 жуық торнадо соғуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript