АҚШ-та дүлей дауылдан 105 адам қаза тапты

АҚШ-та дүлей дауылдан 105 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 12:37 Сурет: pixabay
АҚШ-тың бірнеше штатын жайпаған тропикалық "Хелен" дауылынан қаза тапқандар 105-ке жетті.

Сан бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені құтқарушылар дауыл ойран салған аудандардың кейбіріне әлі жеткен жоқ.

Дүлей дауыл алдымен Флорида штатына соққы беріп, кейін Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина мен Теннеси штаттарына ойысқан.

Солтүстік Каролинадағы бір графтықтың өзінде 30 адам қаза тапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Үйсіз қалған жандарға арнап уақытша паналар ашылды. Электр қуаты, ұялы байланыс істен шыққан.

Су тасқыны жүріп, ағаштар құлап, жүздеген жол жабылды. Сол себепті тұрғындарға қажетті азық-түлік, су және басқа да көмек тікұшақтармен жеткізіліп жатыр.

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, дауылдан келген шығым көлемі шамамен 110 миллиард долларға жуықтаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: