Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әуе билеттерін арзандату жұмысы жүргізуде

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 17:20 inbusiness.kz
Fly Arystan әуе компаниясының нарыққа келуімен Қазақстан әуежайларында жолаушылар ағынының өсімі байқалды.

Мемлекет басшысының әуе тасымалдар бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық әуе компаниялар ішкі бағыттар бойынша әуе билеттің орташа құнын орта есеппен 12% -ға төмендетті. Қазақстандағы алғашқы бюджеттік әуе компанияны іске қосу әуе тасымалдар нарығына елеулі әсер етті және жалпы алғанда ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік берді, бұл әуе билеттердің тарифтерін төмендеуіне алып келді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Fly Arystan әуе компаниясының нарыққа келуімен Қазақстан әуежайларында жолаушылар ағынының өсімі байқалды, Нұр-Сұлтан - 48%, Алматы - 45%, Семей - 1013%, Тараз - 734%, Павлодар - 117%, Қарағанды - 90%, Шымкент - 57 %, Орал - 54%.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілерімен бірлесіп әуе билеттердің құнын төмендету бойынша бірқатар шараларды қолдану бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының әуе жанар-жағармайға бағаны төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Камалиев Қазақстанда ұшуларды жүзеге асыратын шетелдік әуе компаниялармен мен негізгі әуежайлармен кеңес өткізді.

Мемлекет меншігіндегі әуежайларға әуе жанар-жағармайының құнын орташа нарықтық деңгейге дейін төмендету және шетелдік әуе компаниялармен шарттардың осы шешіміне сәйкес келтіру тапсырылды. Әуе жанар-жағармайының шығыны әуе тасымалдар құнының ең үлкен үлес салмағын -30 %-ға дейін құрайды.

Кездесуге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларының әуежайлары және "Air China Limited", "China Southern Airlines", "Turkish Airlines", "Атласглобал", "Аэрофлот", "Fly Dubai", "Uzbekistan Airways", "Pegasus", "Etihad Airways", "Siberia Airlines", "Ural Airlines" және " Белавиа"шетелдік әуе компаниялары өкілдері қатысты.

Жалпы алғанда, әуе жанар-жағармайының мен әуебилеттердің құнын төмендету мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында және осы мәселе бойынша жұмыс тұрақты негізінде жүргізілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: