Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақфильм" жаңа фильмге кастинг жариялап жатыр

kazakhfilmstudios.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 22:32 kazakhfilmstudios.kz
Кастинг желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Ақын" атты толықметражды көркем фильмді түсіруді қолға алды, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі.

Бұл киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асады.

Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев.

Герман Тесстің "Шығармашылық кеш" атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді.

Бұл киножобаға картинаның кастинг департаменті келесі талаптар бойынша кастинг жариялады:

– 35-55 жас аралығындағы ер адамдар;

– 25-35 жас аралығындағы әйел адамдар;

– 70-75 жас аралығындағы ер адамдар;

– 65-70 жас аралығындағы әйелдер;

– 9-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыздар.

Кастинг әр дүйсенбі күні "Қазақфильм" киностудиясындағы "ПЛК" ғимаратында (2 қабат, 236 каб.) "Қадам" студиясында өтеді. Кастинг желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: