Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жеткіншектер жол ережелерін жаттап алды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2019 23:09 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Жазғы лагерь маусымының соңына дейін жалғасады.

"Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жазғы лагерьде демалушы балаларға жол қозғалысы бойынша қызықты конкурстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол қозғалысының жас инспекторлары өткізген байқау демалушылардың көңілінен шығып, белсенділік танытқан балалардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.

"Республикалық іс-шара аясында мәні зор батаманы қолға алдық. Жол жүру ережесін балалар мүлтіксіз сақтауы қажет. Өскелең ұрпақ жол қозғалысында ешқандай қателік кешірілмейтінін сезінуі тиіс. Өйткені, қателік соңы қайғылы жағдайға душар ететіні анық. Полиция көмекшілері – жас инспекторларға ризашылығымызды білдіреміз", – деді Алматы облысы ПД өкілі Айжан Алипбайқызы.

Облыстық полицейлердің ақпаратына сәйкес, жол қозғалысындағы балалар жарақатының алдын алу және оны болдырмау бойынша жүйелі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл облыс көлемінде 220 жол-көлік оқиғасында жасөспірім балалар зардап шеккен. Соның нәтижесінде 10 бала қайтыс болып, 220 астам бала әртүрлі дене жарақатын алған.

"Жол жүру ережелерін үйретіп, оларды түрлі викториналар мен ойындар арқылы есте сақтауға, өмірде орынды қолдануға бағытталған іс-шаралар жазғы лагерь маусымының соңына дейін жалғасады", – деп атап өтті облыстық полиция өкілі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2019 23:09

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2019 23:09

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: