Жошы хан туралы сериалға кастинг жүріп жатыр

Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы сериалға кастинг жүріп жатыр. Бұл туралы Karga Seven Pictures киностудиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сериалдағы рөлдерге үміткерлерден өтінімдерді қабылдау аяқталды.
Кандидаттарға қойылатын басты талаптар: жасы 8 жастан 60-қа дейінгі қазақ болуы тиіс, сонымен қатар олардың Орталық Азия немесе шығыс Азиядан шыққаны және ағылшын тілін толық меңгерген болуы керек. Бұдан бөлек атқа міне алуы қажет.
Жоба әзірлеушілері сериал түсірілімін барынша Қазақстан жерінде жүргізіп, оған отандық киноиндустрия мамандары мен сарапшыларын қатыстыруға тырыспақ.
Қазіргі таңда сценарий жазу бойынша жұмыстар аяқталған.
Оны әзірлеуге белгілі жазушы Джастин Поллард, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript