Жаңалықтар тізбегі
0

"Сағызды шайнамасын". WhatsApp-та ата-аналарды шошытатын видео жүр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2019 22:07 видеодан алынды
Оқыс оқиға Новосібір қаласында болған.

WhatsApp мессенджерінде тәлтіректеген жеті-сегіз жастағы баланың видеосы тарап жатыр. Видео сыртында айтылған дерекке сүйенсек, бала "снюс" деп аталатын заттың әсеріне бой алдырған. Оның үстіне баланы Қазақстандағы мектептердің бірінде оқитын оқушы деп айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеода ер адам тәлтіректеген баланы қолынан ұстап тұр. Анасы оған сұрақ жаудырып жатыр, бірақ бала оған мүлде жауап бермейді.

- Кәмпит жедім дейсің бе? - деп сұрайды әйел.

- Барлық топтарға шұғыл түрде таратыңыздар!!! Бір сағат бұрын, 2019 жылдың 10 желтоқсанында сағат 13.05 шамасында №7-ші мектепте кейбір балаларға мектеп оқушылары осындай сағыз таратқан. Бұл - СНЮС! Шұғыл түрде балаларыңызға қоңырау шалып, оны шайнамауды ескертіңіздер! Ондағы никотин жылқыға арналған дозада!!!!!!! - делінеді видео сипаттамасында.

Оның үстіне олар бұл қазақ мектебінде болған жайт деп айтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2019 22:07

Тексере келе белгілі болғандай, бұл видео Қазақстанда түсірілмеген болып шықты. Sib.fm бұл оқиғаның Новосібір қаласының "Родники" ықшам ауданындағы № 203 мектепте болғанын анықтады. Мектеп қызметкерлері балаға не болғанын түсіндіріп айта алмады.

- Иә, бұл бала бізде оқиды. Оның өзі ештеңе айтқысы келмейді: не жегенін, кім бергенін, не үшін жегенін. Бұл қашан болғанын нақты айта алмаймын, бірақ сол кезде бәрі қорқып кетті, жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер үйіне жеткізген. Бақытқа орай, ештеңе болмады. Қазір бала сабақ оқып жүр, мектепте. Бұл іспен полиция шұғылданып жатыр, әрине кінәлілерді тауып, жазалау керек. Осы ықшам аудан маңында балаларға снюс деген нәрсе сатылатынын естігенбіз. Мүмкін, содан уланып қалған шығар, - дейді мектептегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: