Атырауда тағы да ата-аналарды шошытатын хабарлама тарады
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде бейтаныс тұлғалар Атыраудағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы тағы да ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау полициясы осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.
"26 қаңтардан бері құзіретті органдармен бірлесіп оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатырмыз". Атырау полициясы
Мектеп оқушылары штаттық режимде оқып жатыр.
"Полиция және өзге де құзырлы органдар тиісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript