Астанада тағы бірнеше көше жабылады

Астана,, жол жөндеу жұмыстары, көше жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 12:53 Сурет: Zakon.kz
Астанада жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бірнеше көше жабылады. Бұл туралы 30 тамызда елорда әкімдігі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 2024 жылдың 29 тамызы мен 2 қыркүйек аралығында деформациялық тігістерді жөндеу жұмыстары мына көшелерде жүргізіледі:

  • Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында.

Сурет: gov.kz

Сондай-ақ Еңлік Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Сұлукөл көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 30 және 31 тамызда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Сурет: gov.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: